Зверев Максим Дмитриевич (1896 – 1996) Зверев Максим Дмитриевич (29.11.1896, Ресей, Алтай өлкесі, Баянауыл қ.) – Қазақстанның халық жазушысы. Томск университетін бітірген (1923). 1923 – 37 жылдары Сібір өсімдік қорғау ғылыми – зерттеу институтында ғылыми қызметкер, Новосибирск қалалық зоопаркінің директоры, Томск университетінде доцент болған. 1937 жылы Қазақстанға қоныс аударып, 1937 – 52 жылдары Алматы зоопаркінде ғылым бөлімінің меңгерушісі, директоры, ҚазМУ – де доцент қызметтерін атқарды. 1952 жылдан ғұмырының соңына дейін еркін шығармашылық жұмыспен айналысты. Алғашқы повесі – «Ақ марал» 1920 жылы жарық көрген. Повестер, әңгімелер, ертегілер, очектер жинақтары «Індер мен ұяларда» (1937), «Ормандағы кездесулер» (1938), «Алатау қорықтары» (1946), «Ертіс тоғайлары мен далаларында» (1950), «Орман алауы жанында» (1952) Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы, 1953), «Алтын киік» (1957), «Көкпектінің аңшысы» (1963), «Дала қасқыры» (1975) Германтяның «Бестлитсе» сыйлығы 1976), «Орманда ауа райын болжау» (1987), «Орман күзетінде» (1987), т.б. атпен жарық көрді. Жазушы шығармашылығы Сібір мен Қазақстан табиғатына тікелей байланысты, оқырмандарды құстар мен аңдардың тіршілігімен таныстырып, туған табиғатты қорғап аялаушы ғалымдар, орманшылар, т.б. тұрмысы мақсат – мүддесі туралы мол мағлұмат береді. Қазақстанның балалар жазушылары арасында Максим Дмитриевич Зверевтің есімі, әсіресе, табиғат жыршысы ретінде ерекше аталады. М.Д.Зверев шығармашылығының тартымдылығы неде? Ең алдымен жазушы баяндауының асқан шыншылдығында. Жазушының осы қасиетін алғашқылардың бірі болып байқаған Максим Пришвин былай деп жазған еді: «... оқушысын толық сезімге жетелейді, өйткені оның әңгімелері ғылыми жағынан тек қана шындыққа негізделген». Табиғат біздің үйіміз! Адамдарға табиғат туралы айтып беру, оны аялай білуге баулу, тиімділікпен пайдалануға шақыру – І ғасыр жасаған қарт жазушы М. Д. Зверевтің бүкіл шығармашылығының мәні мен мақсаты. Кітаптары бірнеше шет елдердің тілдеріне аударылған. «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», 2 рет «Құрмет белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Әдебиеттер тізімі: Ақ марал. Д., Проскуряков М.А. Алматы қорығы. Бетпақдала бөлтірігі: Повестер мен әңгімелер. /Орысшадан аударған Т.Дәулетов. Күн райын жан – жануар қалай сезеді. Кім қалай ойнайды. Орман отының басында: Әңгімелер мен очерктер. Ормандағы үй: Өмірбаяндық повесть. /Аударған М.Гумеров пен М.Әбуғалиев. Өзгерген өңір. /Ауд: Б.Нүсіпбекова. Тасқында: Әңгімелер.