Сейфуллин Сәкен ( Сәдуақас ) ( 15 . 10 . 1894) ) – қазақ кеңес жазушысы , қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушы , Қазан революциясына қатысқан ардагер , мемлекет және қоғам қайраткері , 1918 жылдан КПСС мүшесі . Шағын дәулетті саясатшының жанұясында туған . Сәкен Нілдідегі орыс-қазақ , Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде ( 1905-08 ) , үш класты қалалық училищеде ( 1908-13 ) , Омбыдағы мұғалімдер семинариясында ( 1913-16 ) оқыды . 1914 жылы Қазан қаласында « Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағын бастырды . Омбыда қазақ жастары ашқан « Бірлік » қауымы басшыларының бірі болды . 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып , орыс тілінен сабақ берді . 1917 жылы 9 наурызда « Асығып тез аттандық » атты өлеңін жазды . Кешікпей Ақмола қаласына ауысып , « Жас қазақ » ұйымын ашты , « Тіршілік » газетін шығарысты , үш айлық педагогикалық курсқа оқытушы болды .
Сәкен 1917 жылы қарашада « Кел , жігіттер » өлеңін жазып , Қазан революциясын зор қуанышпен қарсы алды . Осы жылдың 27 желтоқсанында Ақмола Совдепінің президиум мүшелігіне сайланды . 1918 жылы сәуірде « Жас қазақ марсельезасын » жазып , 1 мамырда « Бақыт жолына» атты пьесасының премьерасын көрсетті . 1918 жылы 4 маусымда ақтардың көтерілісі болып , Ақмола Совпедшілері тұтқындалды . Атаманның « азап вагонында » 47 күн ажалмен арпалысқан Сәкен 1919 жылы 3 сәуірде Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шықты . Осы жылдың желтоқсанында Әулиеата қаласына ( қазіргі Жамбыл ) келді . 1920 жылы 7 мамырда Ақмолаға қайтып оралып , Атқару комитеті председателінің орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі болды . 1920 жылы 4 қазанда Қазақтың Советтік Автономиялық Республикасын жариялаған Советтердің 1-Құрылтай съезіне делегат болып қатысып , Орталық Атқару Комитеті Президиумының мүшесі болып сайланды . Жер – су комиссиясының жұмысына және баспасөз ісіне басшылық етті . Қарашада Москвада болып , Советтердің 8-съезіне қатысты.1922 жылы « Еңбекші қазақ » газетінің редакторы , халық ағарту камиссарының орынбасары болды .
Сәкен бұл жылдары қоғамдық қызметпен бірге творчестволық жұмысқа белсене араласты . 1922 жылы « Асау тұлпар » атты өлеңдер жинағын , « Қызыл сұңқарлар » пьесасын жариялады . 1923 жылы 30 сәуірде ұлы көсемге арналған « Ленин » атты өлеңін жазды . 1924 жылы « Қайғылы хабар » , « Қаралы күн » өлеңдерін жазды , « Известия » газетінде « В . И . Ленин және оянып келе жатқан Күншығыс » атты публицистикалық мақаласын жариялады . 1925 жылы 7 сәуірде Халық ағарту камиссарияты жанындаға ғылым орталығының председателі , 12 шілдеде Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияцасының басшысы болып тағайындалды . Сәкен 1926 жылы БКП Өлкелік комитетінің партия тарихы бөлімінің меңгерушісі . 1927 жылы Қызылордадағы халық ағарту институтының , Ташкенттегі қазақ педагогика институтының директоры болып жұмыс істеді . 1927 жылы шыққан « Жыл құсы » альманахына басшылық етті . « Жаңа әдебиет » журналын ашуға ат аслысты . 1922 жылдан бастап « Қызыл Қазақстан » журналында жариялана бастаған « Тар жол , тайғақ кешу » атты мемуарлық шығармасын жеке кітап етіп шығарды . « Жер қазғандар » повесін ( 1927 ) , « Тұрмыс толқынында » жинағын ( 1928 ) , « Көкшетау » поэмасын ( 1929 ) бастырды . 1929 жылы қазақтың зиялы азаматтарына арнап ауыз әдебиеті үлгілерін жинау жөнінде жазған « Ашық хатын » жариялады . Қазақтың мемлекеттік педагогикалық институтының доценті болды . 1932 жылы « Қазақ әдебиеті » атты тұңғыш оқулық – хрестоматия шығарды . 1932 жылы « Әдебиет майданы » журналының редакторы , 1934 жылы Қазақтың коммунистік журналистика институтының профессоры қызметін атқарды . 1936 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен бірінші он күндігіне қатысты . Қазақ жазушылары ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталып , шығармашылық еңбегіне 20 жыл толуы мерекеленді .
Сәкен – қазақ кеңес әдебиетінің қарыштап дамуында үлкен роль атқарған жаңашыл ақын . Оның поэзиясы – Абай мен С . Торайғыров шығармашылығының заңды жалғасы бола тұрса да , идеялық-шығармашылық принціпі жағынан айрықша ерекшелігі бар соны дүние . Абайдан кейін қазақ поэзиясына жаңалық қосқандардың ішінде оның орны бөлек . Қазақ өленінің өрнегіне өзгеріс енгізу , өлеңнің ішкі ырғағын күшейту , ұйқасты дауыс екпініне бейімдеу , буын жүйесін айтар ойға бағындыру – Сәкен поэзиясының жаңашылдық сипатын танытатын белгілер.
Сәкеннің өнерпаздық тұлғасын ірілендіріп көрсететін поэзия саласы болғанымен , оның қазақ прозасын өркендетуге қосқан үлесі де қомақты . 1917 жылы « Жұбату » атты тұңғыш көркем әңгімесін жазды , « Тар жол , тайғақ кешу» романының алғашқы тараулары 1922 жылы « Қызыл Қазақстан » журналында жарияланды . Бұл – Сәкеннің прозамен ерте шұғылданғанын көрсетеді . Кейіннен повеске айналған « Айша » әңгімесі де ( 1922 ) осы журналда басылды . Екі тарауы жарияланып , аяқталмай қалған « Қыр балалары» атты көлемді повесі де сол кезде туды . Сәкен әңгіме , очерктерді былай қойғанда , бес повесть ( « Жер қазғандар» , 1927 ; « Айша » , 1922-35 ; « Біздің тұрмыс » 1932-34 ; « Сол жылдарда » , « Жемістер » , 1935 ) , бір мемуарлық роман ( « Тар жол , тайғақ кешу ») жазды . Осы шығармалардың ішінде « Тар жол , тайғақ кешу » мен « Жер қазғандардың » орны ерекше . Өйткені , бұл туындылар - өзіне тән көркемдік ерекшеліктерімен ғана емес , қазақ кеңес әдебиетінің өмірімен өзектес туғандығын , бүгінгі шындықтың ұрпақ үшін мәнді екендігін дәлелдеген шығармалар . Қазақ кеңес әдебиеті тарихында « Тар жол , тайғақ кешу » романының атқарған ролі зор . Бұл тарихи – мемуарлық шығармада қазақ халқының Қазан революциясына қатысқаны , оның жеңісін қорғау жолында талай ерлік көрсеткені , бақытты өмір орнатудың қандай қиын өткелдерден өткені барынша нақты және тартымды баяндалған .
Сәкен драматургия саласында да бір қыдыру еңбек етті . « Бақыт жолына » атты пьесасында ( 1917 ) жарқын болашақты аңсаған қазақ жастарының ой-арманын , тілек-мақсатын бейнкеледі . Қазақ кеңес әдебиетінің негізін салып , өлшеусіз еңбек еткен Сәкен әдебиеттің басқа жанрларында да қалам тербеп , өзінше үлес қосты .
Қазақ кеңес әдебиетінің туын көтеріп , негізін салған , идеялық жағынан берік қалыптасуына еңбек сіңірген қайреткер , ақын , жазушы , сыншы , ғалым Сәкен « қазақ әдебиетіндегі жаңа дәуірдің көш бастары » ( Сәбит Мұқанов ) болды . Қазіргі уақытта оның кейбір шығармалары Кеңес Одағы халықтарының бірқатар тілдеріне аударылып басылды . 1974 жылы Қазақстанда , одан тыс жерлерде Сәкеннің туғанына 80 жыл толған мерей тойы кеңінен аталып өтті . Қазақ ақын-жазушылары Сәкеннің өмірі мен шығармашылық жолын суреттейтін көркем шығармалар ( Сәбит Мұқановтың « Сәкен Сейфуллин » пьесасы , Ғабит Мүсіреповтың « Кездеспей кеткен бір бейне » повесі , Ә . Тәжібаевтың « Монологтар » поэмасы тағы басқалар ) жазды .