Молдағұлова Әлия (1924-1944)
Әлия Модағұлова (шын есімі Ілия) Нұрмұхамедқызы (20.4.1924, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылында туған, 15.5 1944, Псков облысында Новосокольники ауданында Казачиха деревнясында ерлікпен қаза болған.
Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (4.6. 1944). Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Санкт-Петербургтегі №9 мектепте оқыған. Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген (1941). 1942 ж. өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, мергендердің Орта әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты (1943). 1943 жылдың тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті. Новосокольники темір жол стансасы маңында болған ұрыста Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза тапты.
Санкт-Петербург және Мәскеу қалаларындағы және көптеген облыстардағы оңдаған мектептер, көшелер Молдағұлова есімімен аталады. Новосокольники, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе қалаларында және туған ауылында ескерткіш орнатылған. Ақтөбе қаласында Молдағұлованың мемориалдық мұражайы жұмыс істейді. Мәскеудің №891 орта мектебі жанында мұражайы бар. Оның өмірі мен ерлігі жайлы ақындар Я.Хелемский «Әлияның жүрегі», С.Жиенбаев «Әлия» дастандарын, жазушылар Ж.Жұмақанов «Әлия Молдағұлқызы», Ә.Нұрмаханова «Шығыс шынары повестерін жазды».
|