Четверг, 25.04.2024, 06:52Приветствую Вас Гость | RSS
Маринкины рассказы.
Меню сайта
Категории каталога
Биографии [61]
Биографии на казахском языке [74]
Знаменитые казахи [174]
Рефераты по биологии [12]
Рефераты по географии [11]
Наш опрос
Как Вам Сайт?
Всего ответов: 10602

Каталог статей


Главная » Статьи » Биографии на казахском языке

Суйинбай Аронулы

Сүйінбай аронұлы

(1815-1898 )

Сүйінбай Алматы облысының Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген, сонда қайтыс болды. Қазақ халқының ақыны, айтыс өнерінің шебері.

Ол айбынды айтыскер ақын және батырлық эпостарды жырлаудың шебері болған. Өтеген, Қарасай, Сұраншы, Саурық сынды қазақ батырлары турасында қаһармандық дастандарын дүниеге келтірді. Оның Тезек төре және Катаған ақындармен айтысы да дүйім жұртшылыққа мәлім. Бұл айтыстарда ол орын алған әлеуметтік мәселелерді арқау етіп, ерекше орындаушылық дарыны мен суырып салма ақын екенін паш етті.

 Сүйінбайдың Тезек төремен кездесуі — кейінірек, ақынның ер жетіп, елге танылған шағы. Қалың бұқараға сүйенген ақын тайсалмай сөйлеп, Тезек төрені де жалайырдағы Солтанға ұқсатып ел алдында әшкерелеп, бас көтертпей жалынды сөзінің күшімен бөгеп отырады. Тіпті көрші қырғыз халқының қанды балақ, орақ ауыз Орман хан тұқымдарының орынсыз істерін де батыл сынайды. Ол шындық үшгін күресіп, хан-төре тұқымының қылмыстарын бетіне басадй. Әр түрлі дауға түсіп, әділ қазыдай әмірлі билік айтады.

|Ақынның бұлайша ел ісіне араласуы оның қоғамдық бетін айқындайды, бетіне адам қаратпаған әрі ақын, әрі әкім төренің аузын буып, оның төріне именбей шығып, табағынан ас, малынан бас беруге мәжбүр еткен — Сүйінбайдың тас жібітер өткір де батыл тілі. Табиғатынан талантты ақынға ел артқан сенім, ол көрсеткен сый-құрмет өшпес даңқ әперіп, бойындағы сарқылмас талант бұлағының көзін ашты. Ақын енді үй айналасыңдағы әкесінің шағын шаруашылығымен айналыспай, ағайын арасы ұсақ дау-шарға бөгелмей, ел кезіп, өмір көру, ділмар-шешен ақындармен кездесіп, олармен дидарласу арманын алға қояды.  

Сүйінбай — халқымыздың поэтикасына жетік шебер тілді, жүйрік ақын. Бұған оның билер мен төрелердд сынап, мысқылдап айтқан өлеңдерінің өзі дәлел. Ақынның „Кәріілік" атты өлеңін еске алсақ, бұл да оның адамның қартая бастаған өмір белестерін айқын бейнелеп, шендестіре сөйлеуге ұста екенін танытады.

.Ақын боп жиырмада желдей болдым,

Отызда асқар биік белдей болдым.

Отыз асып қырыққа келгеннен соқ,

Қаптаған жердін, жүзін селдей болдым.

Қырықтан асып, елуге келгеннен соң,

 Түбім терең, құрақты көлдей болдым.

Елу асып, алпысқа келгеннен соң,

Салынды суға ілінген сеңдей болдым

Алпыс асып, жетпіске келгеннен соң,    

Тап-тақыр ел жайлаған жердей болдым.

Ақынның бір арманы еліне әділетті өмір орнатып, еңбек адамын бақ-дәулетке ие ету. Берекелі, бейбіт елді, елі үшін еңіреп туған ерді көрсетіп, бұқара халықты әділ жолға бастар абзал басшыны, адал азаматты қадірлеу. Ел берекесі бірлікте екенін ескертіп, әсіресе, сыртқы жауға қарсы тұру үшін ауыз бірліктің маңызы ерекше екенін баса айтады.

Жау басынар халықты                  

    Басқарушы оңбаса.            

Малша айдап адамды                       

Орынсыз күштеп зорласа.          

Ауға тускен балықтай               

Шыға алмайсың бұлқынып,

     Әділетшің болмаса

Күннің көзін жасырар,

Аспанды бұлт торласа.

Елдің бағы ашылар

Әділеттік орнаса.

Жамбылдан басқа ақындар да Сүйінбайды өздеріне ұстаз тұтып, оның таланты алдында бас иген. Сүйінбай қайтыс болғаннан кейін, бір топ ақын оған арнап жоқтау өлеңдерін шығарғану Мысалы Үмбетәлі ақынның жоқтауы 1935 жылы шыққан Сүйінбай өлеңдерінің алғашқы шағын жинағында басылды.Сүйінбайдың кейінгі ақындарға осылай үлгі-өнеге болғаньш айта келіп, профессор Е. Ысмайылов былай дейді: „Сүйінбайдың бүкіл Жетісу ақындарына, әсіресе, ең талантты шәкірті, келешегінен зор үміт күткен Жамбылға берген ақындық, ұстаздық жолында екі үлкен ерекшелік бар. Бірі — айтыста болсын, шындықты жеткізіп өткір, шешен, тапқыр тілмен тыңдаушыны қүмарландырып сөйлеуі, екіншісі — тарихта болған батырларды үнемі желілі жырға айналдырып айтуы ("Ақындар"— 103-бет).                                          

           Сүйінбайдың көпшілікке мәлім, баспа бетін көрген өлеңдері тым аз және көркемдігі жағьшан да онша мәз емес еді. Мұның өзі, ақын өлеңдерін алғаш жариялаушылар оның көп өлеңінің көзін дұрыстап таппай, көркемдік мәнін солғындатып айтқан орашолақ ақындардың аузынанжазып алып, тым жасытып жібергенін байқатады. 1935 жылы шыққан „Сүйінбай ақын" деген оның түңғыш жинағы осындай болды. Бұл жинаққа ақынның айтыстары мен бірен-саран жеке өлеңдері енген-ді. Ал, бұл жинаққа дейінгі „Жаңа әдебиет" журналында (1926, № 6) жарияланған Сарыбас ақынға арнауы мен Сәкен Сейфуллин жариялаған Сүйінбайдың кәрілік туралы өлеңі түпнұсқаға өте жақын. Сүйінбайдың жоғарыда аталған 1930 жылдары жарық көрген көлемі шағын, көркемдігі әлсіз шығармалары негізінде 1940 жылдардан бастап, Сүйінбай шығармашылығын орта мектепке оқу құралдарына енгізу әрекеттері де істелді. Бұл салада Қ. Жұмалиев пен Е. Ысмайылов тұңғыш қадамдар жасаған болатын.

Сүйінбайдың өмірбаянына қатысы бар кейбір мәліметтерді жазушы С. Бегалиншң Жамбыл Жабаев өмірі туралы қолжазба кітабынан да ұшыратамыз. 1955—1960 жылдары біз Сүйінбай шығармаларын жинау жұмысына араласып, сол кезде көзі тірі көп ақындармен кездесіп, жаңа шығармаларының көзін таптық. Әсіресе, халық ақыны Әбдіғали Сариев табыс еткен Сүйінбай өлеңдері қүнды боп шықты. Онда бұрын жарияланбаған көптеген мәнді шығармаларына кезіктік. Бұрын баспаға шыққан кейбір туындыларын жаңа табылған нұсқамен салыстырып, олардың өзгешеліктерін тексеріп, түпкі асыл арнаның негіздерін табыс еттік. Біз салыстырған ақынның Тезекке айтқаны, кәрілік, Сарыбасқа, сары атқа айтқан арнауларынан біраз өзгешеліктер байқалады. Бірақ олардың жалпы сарыны бір. Осылайша 1960 жылдан кейін Сүйінбай творчествосына біз жаңаша талдаулар жасап келеміз. Сөйтіп, ақын творчествосын зерттеудің 1960 жылдардан жаңа кезеңі басталды. Киров атындағы Қазақ университетінің әдебиет кафедрасының аспиранттары мен студенттері де бұл жұмысқа атсалыса араласты. Соның нәтижесінде ақын шығармаларының жаңа жинағы жасалды. Ел көкірегінде берік сақталып жетсе де, асқақ ақьшның асыл туындыларымен оқырман көпшілік осы кезден ғана толығырақ таныса бастады. Содан бері оның шығармаларының бірнеше басылымы жарық көрді. Аршын төс алғыр қыранның қанат қағысы суылдап, ерте естілгенмен, қолға қонбай, көңіл күпті етіп, көп жылдар ел көңілінде қалып келген-ді. Енді ақиық ақынның шабытқа толы толғауларына қол жетті. 1975 ж. „Жазушы" баспасы „Ақиық" атты ақынның жаңа жинағын шығарды. Бұл жинақ 1990 ж. тағы басылды. Сүйінбай Аронүлының шығармаларының жаңа басылымы халық сақтаған қымбат мұраны бір қыдыру мол қамтып, ақынның алып бейнесін толық танытты.

Ақынның қолда бар шығармаларын түгелдей қарастырсақ, оларды негізгі үш салаға жатқызуға болады. Олар: толғаулар, арнаулар, айтыстар.

Сүйінбайды тек қазақ елі ғана емес, көрші Орта Азия халықтары да жақсы білген. Әсіріесе, оның есімі — туысқан қырғыз халқына жете таныс.

Халық арасында оның "Мақсұгқа", "Қасымға", "Жетісу билеріне", "Болыстарға баға", тағы да басқа сатиралық өлендері кеңінен танымал.

Сүйінбай - өзі туып-өскен еңбекші халық ортасында жасап, сол ортадан тәлім алып, жетілген өнер саңлағы, дәуір қайшылықтарын аша да жырлай да білген шыншыл ақын. Оның шағармалары - өзінің өміршендігі мен көркемдігі мен құнды.

 

Категория: Биографии на казахском языке | Добавил: marinkinrasskaz (23.12.2007) | Автор: Marina
Просмотров: 22574 | Комментарии: 10 | Рейтинг: 4.2/31 |
Всего комментариев: 10
10 алтынай  
0
С.Аронулы- айтыстын дул-дул акыны

9 Kamilo4ka))  
0
СПС большое оч оч помогло)))))

8 татьяна  
0
Суюнбай Аронулы (1815-1898) казахский акын, непревзойденный мастер айтыса.

Суюнбай Аронулы (1815—1898) — казахский акын. Его произведения впервые были изданы в 1935 году, сборник стихов «Акиык» вышел лишь в 1976 году. Такие акыны, как Джамбул Джабаев, Майкот, Кенен Азербаев, Умбетали, Бармак и другие считали себя учениками Суюнбая и продолжали традиции его школы.

Суюнбай происходил из рода шапрашты (Старший жуз), внутри шапрашты — екей.
Творчество Суюнбая формировалось под влиянием его деда Кусепа и отца Арона, которые были известны своими поэтическим талантом и исполнительным мастерством.
Будучи акыном, он считался заступником обездоленных, в таких стихах, как «Четырём биям», «Кто бы ни умер, но торе Сок не умрёт», «Чётки в твоих руках» и других, он критиковал баев-волостных, султанов, религиозных деятелей. Важное место в творчестве Суюнбая занимали также эпические произведения: «Батыр Утеген», «Батыр Сураншы», «Батыр Саурык», где он описывал борьбу казахского народа против завоевателей, создаёт образы героев[2].
Суюнбай известен также своими айтысами с Катаганом, Тезек-торе, Кантарбаем, Жантаем, Таттикыз, Уазипой и другими акынами.

7 DoC  
0
[color=red]А есть на Русском языке его [color=blue] Биография??

6 DoC  
0
[color=red] А есть на Русском языке его [color=blue] Биография??

5 DoC  
0
[color=red]А есть на Русском языке его [color=blue]Биография??

4 zhanna  
0
ya iskala pro joktau a eto wto takoe eto vopwe ne pravilno FFFFFFFFFFFuuuuuuuuuuu

3 zhanna  
0
ыввввапыри еорунетуент рттттегутунттт егоьуен,л

2 Loregraf  
0
Who's doesn't no for loading !!! REMEMBER: Please Press word --> "[ Реферат (116.0Kb) ]. Thanks to Admin.lord.egraf@mail.ru
Very Nice Sait. Thanks' to Administrator.

1 Аселя  
0
менин атам =)

Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа
Поиск
Друзья сайта
 Создать сайт в системе UcoZ
Создать сайт в системе UcoZ
Googla.ru - поисковый каталог ресурсов
Каталог getrix.ru
Поможем получить кредит
Каталог сайтов - Atlanktis.ru
Образование и обучение;
детские учреждения для всех;
художественная школа для всех.
Информационно развлекательный проект. Статьи, Новости, Кроссворды, Анекдоты, Обои рабочего стола, рейтинг сайтов
Поисковый каталог ресурсов SEO.ORG
Сервис авто регистрации в каталогах, статьи про раскрутку сайтов, web дизайн, flash, photoshop, хостинг, рассылки; форум, баннерная сеть, каталог сайтов, услуги продвижения и рекламы сайтов
Каталог сайтов
Nafigator.Ru - Белый каталог сайтов
Красный каталог деловых интернет-ресурсов RedCat.net.ua.
Удобный поиск и рубрикатор.
Телефоны, почтовые адреса, информация.
Товары и услуги.
Каталог сайтов Всего.RU
Каталог ресурсов Hosa
Каталог сайтов OpenLinks.RU
Чугунные ванны, продажа ванн, установка ванны, ванны чугунные
Женский журнал myJane:
гороскоп бесплатный
диета скачать

Рефераты

Дистанционное образование

Образование за рубежом

//libero.ucoz.ru/

http://www.gorkov.ru/

http://love.mail.ru/

//www.rbc.ru/

http://aboutstudy.ru/

www.vkontakte.ru

www.odnoklassniki.ru

Статистика