Вторник, 27.06.2017, 08:28Приветствую Вас Гость | RSS
Маринкины рассказы.
Меню сайта
Категории каталога
Биографии [61]
Биографии на казахском языке [74]
Знаменитые казахи [174]
Рефераты по биологии [12]
Рефераты по географии [11]
Наш опрос
Как Вам Сайт?
Всего ответов: 10563

Каталог статей


Главная » Статьи » Биографии на казахском языке

Жусупбек Аймауытов

 

Жүсіпбек Аймауытов (1889ж., Павлодар обл., Баянаулы ауд., Қызылтау мекені, - 1913) - аса көрнекті қазақ жазушы. 1907!1913ж. Баянауыл, Кереку (Павлодар) мектептерінде, 1914-1919ж. Семей мұғалімдер семинариясын оқыған. 1920-1921ж. ҚазССР халық ағарту комиссариатында бөлім бастығы, коллегия мүшесі. 1921-22ж. Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, Семейдегі «Қазақ тілі» газетінің редакторы болып істеген. 1922-1923ж. Қарқаралыда мектеп мұғалімі, 1923-1926ж. «Ақ жол» газетінің редакциясында (Ташкент) бөлім  бастығы. Ташкент институтында мұғалім, 1926-1929ж. Шымкент пед.техникумында директор. 1929ж. «Қазақстандағы ұлтшылық ұйыммен байланысы бар» деген сылтаумен тұтқындалып, 1931ж. атылған. Аймауытовтың әдебиетпен әуестенуі 1910ж. басталады. Оның алғашқы өлеңдері мен әңгімелері, мақалалары «Қазақ», «Сарыарқа» газеттерінде, «Абай» журналында жарияланып тұрады. 20-жылдар ішінде респ. Газет-журналдар бетінде шығармалары көп басылған. «Қартқожа» романы (1926), «Ел қорғаны» (1925), «Мансапқорлар» (1925), «Қанапия мен Шәрбану» (1926), «Шернияз» (1926) пьесалары, «Нұр күйі» поэмасы (1929) және бір топ аударма кітаптары жарық көрген. Аймауытовтың жаңа дәуірдегі қазақ прозасын, әсіресе, роман жанрын бастаушы есебіндегі орны үлкен. «Қартқожа» - қазақ кеңес романының басы, онда 20 ғасырдың басындағы әлеум.революциялар кезінде тартыс жолыннан өтіп, қоғамдық шындықты түсінуге ұмтылған қазақ жасының өмірі суреттеледі. Аймауытовтың екінші романы «Ақбілек» кітап болып басылып үлгермеді. Үзінділері «Әйел теңдегі» журналында жарияланған «Ақбілекә тақырыбы жағынан «Қартқожамен» үндес. Алдыңғы романда жазушы жаңа қоғамдық жағдайда азаттық жолына шыққан қазақ жасын көрсетсе, соңғы романда осы әлеум.өзгерістер легінде қазақ әйелінің теңдік жолындағы ізденістерін суреттейді. Аймауытовтың үлкен проза саласындағы тағы бір елеулі еңбегі - «Күнікейдің жазығы» повесі. Ол «Жаңа әдебиет» жарналында жариланған. Кітап болып басылып үлгермеген. Бұл шығарманың тақырыбы да әйел теңдігі, негізі кейіпкерлері - кедей қызы Күнікей. Аймауытовтың ырғақты прозасы - қазақ әдебиетінде ақ өлең үлгісін туғызуға жол бастады. Аймауытов драмалық шығармалар жазұға ерте талпынған. Ол Семейде оқыған жылдары жастардың ойынсауак үйірмелеріне белсене қатысып, домбыра тартып, ән салып, спектакльдер қойған, өзі басты рольдерде ойнаған. Аймауытовтың пьесаларының негізгі тақырыбы да халықтың азаттағы идеясы. Ол ескі өмірдің мешеу көріністерін сынай отырып, халықты оқуға, өнерге, білімге үндейді. Ел адамдарын оятып, жаңа тіршілікке шақырады «Рәбиға», «Қанапия мен Шәрбануда», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар». Аймауытов пьесалаларының ең елеулісі - «Шернияз». Мұнда жазушы қайшылықты қоғамдық ортада күрделі өмір кешкен өнер адамдарының тағдырын бейнелейді. Аймауытов - әдеби творчествосын өлең жазудан бастаса да, кезінде жинақ бастырмаған. Оның өлеғдері күнделікті баспасөз бетінде сақталған. Өлең - үлкен проза мен драматургияға ден қойған жазушының алғашқы тәжірибесі сияқты. Бұлардың көбі ескі өмірдің келеңсіз суреттері мен жаңару идеясын жырлайды. «Нұр күйі» поэмасында анасынан соқыр боп тұған баланың өнерпаз, күйші болып өсуі, дәрігердің көмегімен көзінің жазылуы суреттеледі. Аймауытов «Интернационал», «Жас әскер» сияқты революция дәуірінде кең тараған күрес жырларын қазақшаға аударған. Жазушының балаларға арнап жазған «Жаман тымақ», «Шал мен кемпір», «Көк өгіз», «Үш қыз» атты суретті кітапша ертегілері бар. Өмірінің көбін баспасөз маңында өткізген жазушы үлкен публицист есебінде де белгілі. Сол кездегі мерзімді баспасөз беттерінде ол жазған мақалалар, оқшау-фельетондар, хат-хабарлар көп.

Категория: Биографии на казахском языке | Добавил: marinkinrasskaz (23.12.2007) | Автор: Marina
Просмотров: 7803 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.9/21 |
Всего комментариев: 1
1  
ne interesno

Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа
Поиск
Друзья сайта
 Создать сайт в системе UcoZ
Создать сайт в системе UcoZ
Googla.ru - поисковый каталог ресурсов
Каталог getrix.ru
Поможем получить кредит
Каталог сайтов - Atlanktis.ru
Образование и обучение;
детские учреждения для всех;
художественная школа для всех.
Информационно развлекательный проект. Статьи, Новости, Кроссворды, Анекдоты, Обои рабочего стола, рейтинг сайтов
Поисковый каталог ресурсов SEO.ORG
Сервис авто регистрации в каталогах, статьи про раскрутку сайтов, web дизайн, flash, photoshop, хостинг, рассылки; форум, баннерная сеть, каталог сайтов, услуги продвижения и рекламы сайтов
Каталог сайтов
Nafigator.Ru - Белый каталог сайтов
Красный каталог деловых интернет-ресурсов RedCat.net.ua.
Удобный поиск и рубрикатор.
Телефоны, почтовые адреса, информация.
Товары и услуги.
Каталог сайтов Всего.RU
Каталог ресурсов Hosa
Каталог сайтов OpenLinks.RU
Чугунные ванны, продажа ванн, установка ванны, ванны чугунные
Женский журнал myJane:
гороскоп бесплатный
диета скачать

Рефераты

Дистанционное образование

Образование за рубежом

http://libero.ucoz.ru/

http://www.gorkov.ru/

http://love.mail.ru/

http://www.rbc.ru/

http://aboutstudy.ru/

www.vkontakte.ru

www.odnoklassniki.ru

Статистика