Четверг, 25.04.2024, 15:07Приветствую Вас Гость | RSS
Маринкины рассказы.
Меню сайта
Категории каталога
Биографии [61]
Биографии на казахском языке [74]
Знаменитые казахи [174]
Рефераты по биологии [12]
Рефераты по географии [11]
Наш опрос
Как Вам Сайт?
Всего ответов: 10602

Каталог статей


Главная » Статьи » Биографии на казахском языке

Смақов Жақан
Смақов Жақан (1932 - 1974)
Смақов Жақан 1932 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы, Ынталы ауылында туған. Сол жерде орта мектепті бітіргеннен кейін Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. Алғашқы өлеңі де сонда оқып жүргенде жазылған. «Мені балалар тақырыбы әрдайым қызықтыратын» - деп жазыпты ол өзінің қысқа ғана өмірбаянында. 1953 жылы партия тың жерді игеру жұмысын қолға алғанда, «Пионер» журналында «Арам шөп пен бидай» деген алғашқы өлеңі шықты.
Жақан Смақовтың елуінші - алпысыншы жылдары «Сыйлық», «Қаз - қаз бас», «Жастық сыры», «Ойындар мен жұмбақтар», «Күлдірген», «Сылдырмақ», «Жүз бір жұмбақ», «Қарақат», «Тамшы» деген өлеңдер жинағы басылды. Бұлардан басқа «Біздің атай Түсекең, қартаймайтын кісі екен», «Менің бөпем», «Ғажайып бұлттар», «Саяхат» деп аталған сурет кітапшаларын бастырды.
Жақан Смақовтың нағыз балалар ақыны екенін оқырмандарына әбден танытқан кітабы - «Жалын» баспасы 1976 жылы шығарған «Жаңғырық» атты таңдамалы өлеңдер жинағы. «Талапай» - кітабы да (1984) қазақ балалар әдебиетіне қосқан жаңалық ретінде қабылданды.
Ж.Смақовтың қызмет өмірбаяны ұзақ емес: 1955 жылы Талдықорған облыстық газеті «Советтік Жетісуда», одан кейін «Қазақстан пионері», «Коммунизм таңы», «Жетісу» газеттерінде істейді. 1958 жылы Алматы телевизиясы ашылысымен, оның тележурналистік қызметі басталды, мұнда ол тоғыз жыл бойы балалар редакциясын басқарды.
Алматы телестудиясының ақын - жазушылар, композитор, суретшілер көп үйірілетін телевизиялық хабарлардың түр - түрін ойлап табуға ынтық Жақан ақын «Ерденнің ертегісінен» басқа Игорь Саввин екеуі бірлесіп, «Кешкі ертегі» - деген күнделікті хабар үйымдастырды.
Жақан ақын «Тамшы», «Бұршақ туралы ертегі», «Кім күшті, кім мықты», «Ұзын аяқ», «Аю қалай адасты» сияқты шығармаларын әуелі телевизиялық хабарға арнап жазып, кейін кітаптарына енгізді. Оның құсбегі туралы телефильмі бүкілодақтық экранға шықты.
Жақан Смақовтың балаларға арнап өлең жазып, шеберлігі қалыптасуына Өтебай Тұрманжанов, Мұзафар Әлімбаев, Қабдыкәрім Ыдырысов, Әбдікәрім Ахметов өлеңдерінің ізгілікті әсері тиді.
Ж.Смақовтың балаларға, әсіресе, бөбектерге арналған өлеңдеріндегі шеберлігін, тапқырлығын арнайы зерттеуге болады. Ондай өлеңдері оқулықтарға енген, жас буындарға тіл үйрету, дүниетану қызметін атқарып жүр.
Ақын поэзиясының айрықша бір саласы - жұмбақтары. Бұларда мәнді мазмұн, тапқырлық, көркемдік сырлары бар.
Құрғақ жерде сақтайсың,
Менсіз тамақ татпайсың
(Тұз)
Бір ағашта бес тармақ,
Бес тармақта бес жаңғақ.
(Қол)
Осы тәрізді жұмбақтарын оқи бергің келеді. Ж.Смақовтың қазақ балалар әдебиетіне енгізген тағы бір жаңалығы - әсерлі, әрекетті ойындар. Бұл ретте халықтың «Соқыр теке», «Талапай» сияқты ойындарын да шебер жандандыра білген.
Ақын жұмбақ, жаңылтпаш, ойын өлеңдерінде балдырғандарға тіл үйрету жағын қатты қадағалаған, мақсатты мағына беріп жазған.
Жақан Смақовтың шығармаларын оқыған адам оның тумасынан бөлек жанын ұғып, тілін біліп, сырласуға жаралған дарынды ақын екеніне көңілі әбден сеніп, көзі әбден жетеді.
Қалам ұстағаннан балаларға, әсіресе балдырғандарға арнап өлең жазған ақын, өзіндік ерекшелігі танылған шағында, денсаулығы нашарлап, қырық екі жасында қайтыс болды.
Категория: Биографии на казахском языке | Добавил: marinkinrasskaz (24.07.2008) | Автор: Marina
Просмотров: 13975 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.3/7 |
Всего комментариев: 1
1 Аян  
0
Ол өте жақсы болған

Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа
Поиск
Друзья сайта
 Создать сайт в системе UcoZ
Создать сайт в системе UcoZ
Googla.ru - поисковый каталог ресурсов
Каталог getrix.ru
Поможем получить кредит
Каталог сайтов - Atlanktis.ru
Образование и обучение;
детские учреждения для всех;
художественная школа для всех.
Информационно развлекательный проект. Статьи, Новости, Кроссворды, Анекдоты, Обои рабочего стола, рейтинг сайтов
Поисковый каталог ресурсов SEO.ORG
Сервис авто регистрации в каталогах, статьи про раскрутку сайтов, web дизайн, flash, photoshop, хостинг, рассылки; форум, баннерная сеть, каталог сайтов, услуги продвижения и рекламы сайтов
Каталог сайтов
Nafigator.Ru - Белый каталог сайтов
Красный каталог деловых интернет-ресурсов RedCat.net.ua.
Удобный поиск и рубрикатор.
Телефоны, почтовые адреса, информация.
Товары и услуги.
Каталог сайтов Всего.RU
Каталог ресурсов Hosa
Каталог сайтов OpenLinks.RU
Чугунные ванны, продажа ванн, установка ванны, ванны чугунные
Женский журнал myJane:
гороскоп бесплатный
диета скачать

Рефераты

Дистанционное образование

Образование за рубежом

//libero.ucoz.ru/

http://www.gorkov.ru/

http://love.mail.ru/

//www.rbc.ru/

http://aboutstudy.ru/

www.vkontakte.ru

www.odnoklassniki.ru

Статистика