Четверг, 28.03.2024, 13:48Приветствую Вас Гость | RSS
Маринкины рассказы.
Меню сайта
Категории каталога
Биографии [61]
Биографии на казахском языке [74]
Знаменитые казахи [174]
Рефераты по биологии [12]
Рефераты по географии [11]
Наш опрос
Чего не хватает сайту?
Всего ответов: 10100

Каталог статей


Главная » Статьи » Биографии на казахском языке

Галина Черноголовина
Галина Черноголовина (1929)
Қазақстандық белгілі жазушы И.П. Шухов 1966 жылы СССР Жазушылар одағы мүшелігіне Галина Васильевна Черноголовинаны қабылдауды, оның әдебиеттегі болашағына үлкен сенім білдіріп, жылы ниет, зор ықыласпен ұсынған еді.
Г.В.Черноголовина балаларға арналған тамаша кітаптардың авторы, ол сонымен қатар талантты публицист, тың өлкесінің адамдары жайлы бірнеше повесть, роман жазды. Бірқатар жыл «Простор» журналының бас редакторының орынбасары, Қазақстан жазушылар одағы жанындағы орыс әдебиеті Кеңесінің төрайымы болды.
Қайта құру жылдары әдеби-қоғамдық «Апрель» атты қозғалысқа мүше болып, қоғамымызда демократия принциптерінің нығайып, өркендеуіне атсалысты.
Галина Васильевна Черноголовина 1929 жылы 15 наурызда Омбы облысының Знаменское селосында туды. Хабаровскінің педагогикалық институтын бітіріп, селолық мектепте мұғалім болды. Хабаровск, Краснояр өлкесінде аудандық радио, газеттерде істеді. 1963 жылы отбасымен Алматыға көшіп келді.
Балаларға арналған тұңғыш шығармасы «Цветы голубики» 1960 жылы Хабаровск кітап баспасынан жарық көрді. Екі жыл өткеннен кейін балаларға арналған үш кітабы шықты: «Веселые странички о братце и сестричке», «Капельки амурские», «Мальчик-Мазайчик». Кейінгі шығармалары: «Ванька-Встанька-Новосел» (1965), «Робот на час» (1965), «Лодка в протоке» (1966), «Свеча за красным стеклом» (1968), «Теплая краюшка (1972), «Июнь без дождей» (1973), «Хрустальный лес» (1975), «Два дня до весны» (1977), т.б. көптеген кітаптары Алматыда басылып шықты. Алғашқы шығармаларымен-ақ жазушы балалар жүрегіне жететін, оларды адами қасиетке, шындыққа, еңбек сүюге, мейірімділікке тәрбиелеуге, балалармен еркін әңгімелесуге бейімділігін көрсетті. Отан сүю тақырыбы Қиыр Шығыс немесе Қазақстан болсын жазушы шығармаларының негізгі желісі. Табиғатқа деген көзқарасы тек қана оны сүйе білу емес, аялап, қорғай да білу керектігін жазушы үнемі еске салып отырады. Табиғатты қорғау тақырыбына арналған «Вершина кедров», «Хрустальный лес» әңгімелері мен «Лодка в протоке», «Теплая краюшка», «Летели над городом гуси» повестері бар.
Г.В.Черноголовина «Свеча за красным стеклом» повесі тек жасөспірімдер емес, ересек оқырмандарға да арналған, бір жағынан жазушының соғыс жылдардағы балалық шағын баяндайды. Өз басынан өткен өмірінің бір кезеңін баяндай отырып, ол сол жылдардың тауқыметін суреттеп берген. Тың өлкенің адамдарына арналған бірнеше шығармалары: «Я к вам вернусь», «Руки творца», «Поле на вечерней заре», «Златые горы» т.б. кезінде оқырман қауымға кеңінен танымал болды.
Замандастар өмірі жайлы очерктері өз алдына бір төбе. Бүгінгі уақыт тынысы, деректі материалдар негізінде сомдалған образдар, тың өлке еңбеккерлерінің портреттері шынайы түрде беріліп, жазушы қаламының очерк, публицистика саласында ежептәуір ұшталғанын айқын көрсетеді.
Галина Черноголовинаның соңғы тукындысы «Мертвое колесо» кітабы 1993 жылы шықты. Жазушы өзі айтқандай үстемшіл шенеуніктің өлі дөңгелегінде тиін сияқты жылдар бойы айналып жүргенімізді, өз ойымызды бүкпесіз айта алмай жүрген кездерімізді еске салады. Жазушы-публицист Г.В.Черноголовина 1960-80 жылдардағы қоғамдық, әдеби өміріміздің көптеген деректеріне жаңаша қарап, таразылайды.
Жазушы 90-шы жылдардың ортасынан бері Ресейде тұрады.
Шығармалар тізімін орыс тілінде берілген мәліметтен қараңыз.
Категория: Биографии на казахском языке | Добавил: marinkinrasskaz (24.07.2008) | Автор: Marina
Просмотров: 3315 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 1.0/3 |
Всего комментариев: 2
2 89494  
0
дерьмо? наверное такое же как и вы

1 Надежда  
0
Эта биография полное дерьмо потому что на казахском языке

Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа
Поиск
Друзья сайта
 Создать сайт в системе UcoZ
Создать сайт в системе UcoZ
Googla.ru - поисковый каталог ресурсов
Каталог getrix.ru
Поможем получить кредит
Каталог сайтов - Atlanktis.ru
Образование и обучение;
детские учреждения для всех;
художественная школа для всех.
Информационно развлекательный проект. Статьи, Новости, Кроссворды, Анекдоты, Обои рабочего стола, рейтинг сайтов
Поисковый каталог ресурсов SEO.ORG
Сервис авто регистрации в каталогах, статьи про раскрутку сайтов, web дизайн, flash, photoshop, хостинг, рассылки; форум, баннерная сеть, каталог сайтов, услуги продвижения и рекламы сайтов
Каталог сайтов
Nafigator.Ru - Белый каталог сайтов
Красный каталог деловых интернет-ресурсов RedCat.net.ua.
Удобный поиск и рубрикатор.
Телефоны, почтовые адреса, информация.
Товары и услуги.
Каталог сайтов Всего.RU
Каталог ресурсов Hosa
Каталог сайтов OpenLinks.RU
Чугунные ванны, продажа ванн, установка ванны, ванны чугунные
Женский журнал myJane:
гороскоп бесплатный
диета скачать

Рефераты

Дистанционное образование

Образование за рубежом

//libero.ucoz.ru/

http://www.gorkov.ru/

http://love.mail.ru/

//www.rbc.ru/

http://aboutstudy.ru/

www.vkontakte.ru

www.odnoklassniki.ru

Статистика