Вторник, 16.04.2024, 20:49Приветствую Вас Гость | RSS
Маринкины рассказы.
Меню сайта
Категории каталога
Биографии [61]
Биографии на казахском языке [74]
Знаменитые казахи [174]
Рефераты по биологии [12]
Рефераты по географии [11]
Наш опрос
Как Вам Сайт?
Всего ответов: 10602

Каталог статей


Главная » Статьи » Биографии на казахском языке

Әмен Махатұлы Әзиев
Журналист, жазушы, ғалым Әмен Махатұлы Әзиев 1927 жылы 6 маусымда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданынданындағы бұрынғы “Оян” дейтін ауылда дүниеге келген. Оның балалық шағы, есейіп ер жетуі атақты Сарқұлжа мен қара орманды Кент тауларының маңдарында Жамбыл және Қ.Аманжолов атындағы ауылдардарда өткен. Қарағандыда, Қарқаралыда. Ақтоғайда оқыған. 1950 жылы Қазақстанның мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін, республикалық “Лениншіл жас” /қазіргі “Жас алаш”/ газетінде, Ұлттық ғылым академиясының тіл және әдебиет институтында қызмет істеген. 1952 жылы Қарағандыға ауысып, еңбек жолын облыстық “Советтік Қарағанды” /қазіргі “Орталық Қазақстан”/ газетінде бастайды.
Жалын атқан жиырма бес жасында жұмысқа құлшына кіріседі. Өндірісті өлке туралы өндірдіп мақала, очерктер жазғаны да осы тұс. Қатардағы тілшіден редакцияның жауапты хатшысына дейін көтеріліп, 1961 жылдан Қарағанды телевизия студиясының директоры болып қызмет атқарып, журналистік, қаламгерлік өнерін шындайды. Күнделікті өмір құбылыстарына, әсіресе, жастар тәрбиесіне жете қөңіл аударған Ә.Әзиев кейінгі жылдарда бірқатар әңгіме-очерктер жазды.
Жазушының “Достық күші”, “Құтқару”, деген әңгімелері “Жұлдыз” журналына басылды. Милиция өміріне арналған “Алтыншы операция”, “Ошаған”, “Ар оянасы” очерктері облыстық газетте жарияланды. Бұл очерктер 1965 жылы “Өтелген өкініш” деген атпен жеке кітап болып шықты. Міне, журналист енбегінің күрделі де қым-қуат қиыншлықтарына қарамстан осы жылдары көркем шығармалар жазып, қазақ повесі туралы филология ғылымдрының кандидаты ғылыми дәрежесіне диссертация қорғайды. Кейін ҚарМУ-де, ҚаПТИ-де доцент, профессор міндеттерін атқара жүріп, шығармашылық жолындағы басты еңбегі–Орталық Қазақстанда түсті металлургия өндірісінің пайда болуы және даму тарихын зерттейді. Бұл еңбекке ол өзінің жиырма жылын сарп етеді. Соның лайықты жемісі ретінде қазақ және орыс тілдерінде “Қазыналы Сарыарқа” “Сокровища Сары-Арки” деген құнды монографиялар жариялап, докторлық диссертация жазады, профессор ғылыми атағын алады.
Ә.Әзиевтің әдеби қызметі елуінші жылдардың аяқ шенінде басталды. Жазушы қазақтың ұлттық парасаты, интернационализм және халықтар достығы жайында көп жазды. Ол он бес кітаптың авторы.
Қырық жыл созылған шығармашылық қызметінде Ә.М.Әзиев “Өтелген өкініш” (1965 ж.), “Шапақ (1968 ж.), “Оянған ар” (1972 ж.), “Шұғыл тапсырма” (1980 ж.) повестері, “Жез таулар” (1977 ж.), “Мыс ошағы” (1980 ж.), “Медный пояс” (1991 ж.), “Жер жарасы” (1994 ж.) романдары, “Есіл ару” пьесасы (1983 ж.), “Қазыналы Сарыарқа” (1978 ж.), “Сокровища Сары-Арки” (1986 ж.), “Қазақ повесі” (1989 ж.) атты монографиялары жарық көрді. Ол әдебиет және тарих ғылымдарымен де жеткілікті айналысты. Көп жылдар студенттерге дәріс оқыды.
Ә.М.Әзиев жиырма бес жыл бойы зерттеген “Орталық Қазақстанда түсті металлургияның пайда болуы және дамуы” атты докторлық диссертациясы оған тарихтың көптеген құпиясын ашты. Соның нәтижесінде ол өзінің ең күрделі де көлемді екі туындысы – “Мыс ошағы” және “Жер жарасы” романдарында отызыншы жылдарда өріс алған ауыр индустрияның қазақ даласына тигізген кесапатын асқан шеберлікпен, тарихи тұрғыда, барынша нанымды бейнелеп шықты.
1968 жылы "Есіл ару" атты пьесасы Қарағандының облыстық драма театрының сахнасында қойылды.
1997 жылы ол өзінің жетпіс жылдық мерейтойында туған жері Қарқаралыға сапармен келді. Бұл сапарда жазушыға қаланың құрметті азаматы атағы берілді.
Әмен Махатұлы Әзиев 2003 жылы 4 сәуірде қайтыс болды.
Категория: Биографии на казахском языке | Добавил: marinkinrasskaz (24.07.2008) | Автор: Marina
Просмотров: 2093 | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа
Поиск
Друзья сайта
 Создать сайт в системе UcoZ
Создать сайт в системе UcoZ
Googla.ru - поисковый каталог ресурсов
Каталог getrix.ru
Поможем получить кредит
Каталог сайтов - Atlanktis.ru
Образование и обучение;
детские учреждения для всех;
художественная школа для всех.
Информационно развлекательный проект. Статьи, Новости, Кроссворды, Анекдоты, Обои рабочего стола, рейтинг сайтов
Поисковый каталог ресурсов SEO.ORG
Сервис авто регистрации в каталогах, статьи про раскрутку сайтов, web дизайн, flash, photoshop, хостинг, рассылки; форум, баннерная сеть, каталог сайтов, услуги продвижения и рекламы сайтов
Каталог сайтов
Nafigator.Ru - Белый каталог сайтов
Красный каталог деловых интернет-ресурсов RedCat.net.ua.
Удобный поиск и рубрикатор.
Телефоны, почтовые адреса, информация.
Товары и услуги.
Каталог сайтов Всего.RU
Каталог ресурсов Hosa
Каталог сайтов OpenLinks.RU
Чугунные ванны, продажа ванн, установка ванны, ванны чугунные
Женский журнал myJane:
гороскоп бесплатный
диета скачать

Рефераты

Дистанционное образование

Образование за рубежом

//libero.ucoz.ru/

http://www.gorkov.ru/

http://love.mail.ru/

//www.rbc.ru/

http://aboutstudy.ru/

www.vkontakte.ru

www.odnoklassniki.ru

Статистика