Суббота, 20.04.2024, 16:28Приветствую Вас Гость | RSS
Маринкины рассказы.
Меню сайта
Категории каталога
Биографии [61]
Биографии на казахском языке [74]
Знаменитые казахи [174]
Рефераты по биологии [12]
Рефераты по географии [11]
Наш опрос
Как Вам Сайт?
Всего ответов: 10602

Каталог статей


Главная » Статьи » Биографии на казахском языке

Касым хан

Шамамен 1445 жылы дүниеге келген, 1518 жылы қайтыс болған Қасым хан мен Қазақ хандығының негізін салған Әз Жәнібектің ұлы. Анасы Жағанбегім – Мұхаммед Шайбани ханның кенже інісі Махмұд сұлтанның апасы. Қасым ханның мемлекетті басқару әдістері, ішкі және сыртқы саясаты туралы мәліметтер өте аз. Қасым хан есімі бірінші рет Мұхаммед Шайбани жөніндегі жазбаларда аталады. Ол мәліметтерде Қасым ханды «атақты сұлтандар мен батырлардың бірі», «Бұрындық ханның атты әскерінің басшысы» деп атайды. Бұрындық хан Самарқанға кетуге мәжбүр болып, жат елде қаза болған соң, Қасым хан билікті өз қолына алды. Қасым хан билік құрған кезеңде де қазақтар мен Шайбани әулеті арасындағы Сырдарияға жақын қалалар үшін қақтығыстар мен шайқастар болып жатты. 1510 жылы қыста Шайбани ханның әскерлері Ұлытау баурайындағы Қасым хан ұлысына шабуыл жасайды. Қасым хан олардың бетін қайтара алмайтынын түсініп, шегінеді, біраз уақыттан соң күтпеген жерден шабуыл жасап, өз қарсыласын жеңеді. 1511 жылы Қасым хан билікке қол жеткізгеннен кейін, Қазақ хандығы Қасым хандығы деп атала бастады. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы саяси ықпалын күшейтіп, ірі және қуатты хандыққа айналды. Қасым хандығының аумағы батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауларына дейін, оңтүстік-батысында Түркістан қалаларына дейін, оңтүстік-шығысында Жетісудың солтүстік бөлігінің таулары мен таулы бөктерлеріне дейін созылып жатты. Кейбір мәліметтер бойынша, Қасым хан тұсында Қазақ хандығының шекарасы солтүстік-шығыста Ұлытау қыраттары мен Балқаш өзенінің жағалауын қаитып, ал солтүстік-батыста Жайық өзеніне дейін жететін. Қасым тұсында Қазақ хандығы халқының саны бір миллионнан асатын. Сондықтан да ол халықаралық саясаттан тыс қала алмайтын. Қасым хан заманында Қазақ хандығы еуропалық аренада әйгілілік пен саяси қуаттылыққа қол жеткізген еді. Қазақ хандығымен алғашқы дипломатиялық байланыс орнатқан көршілес Москва мемлекеті болды. Бұл князь Василий ІІІ билік құрған жылдары (1505-1533) жүзеге асты. Қазақ хандығының тағы бір ерекшелігі – бұл кезеңде қазақтар Батыс Еуропада жеке этникалық қауымдастық ретінде таныла бастады. Австриялық дипломат Зигмунд Герберштейн Еуропа оқымыстыларының арасында алғашқылардың бірі болып қазақтар туралы өзінің «Москвалық жазуларында» айтып өтеді. Тарихта бұл ұлы тұлғаның ұстанған бағыты «Қасым салған қасқа жол» атанып қалды. Сыртқы саясатта Қасым хан Сырдария бойындағы қалалар үшін Шайбани әулетімен күрес жүргізіп отырды. Осыған байланысты қазақ басшыларының маңғыттар және моңғолдармен одақтық байланысы қалыптасты. Қасым хан өзінің билік құрған кезеңінің басында Сайрам қамалын алды, Мауреннахр қамалын басып алуға біраз әрекет жасады. 1513 жылы Қасым хан Қараталда болған кезде, Сайрам басшысы Қаттабек қаланы оған беріп, Қасым ханды өзбектерге шабуыл жасауға үгіттейді. Қасым хан қазақтар мен маңғыттардан үлкен қол жинап, Ташкентке жорыққа аттанады. Өзбек ханы Сүйеніш қожаның әскерімен болған Ташкент түбіндегі шайқаста Қасым хан жараланып, шегінеді. Бұдан кейін шамамен сол жылы Қасым хан Шу өзенінің жағасындағы ордасында Ташкент басшысы Сүйеніш ханға қарсы Моғолстан ханы Саидпен одақтас болады. Екі басшы бірігіп, Ташкентке жорық жасауға келіседі. Алайда қыстың таяп қалғандығына байланысты, келісімді жүзеге асыру кейінге қалдырылады. Васифид сөзі бойынша, 1516-1517 жылдардың қысында Шайбанид әулетінің сұлтандары бірігіп, қазақтарға қарсы жорықты бастайды. Ортаазиялық өзбектердің қыпшақ жеріне жасаған жорығының мерзімі Қасым хан билік еткен кезеңге сәйкес келеді. Мұхаммед Хайдардың жазбаларына қарағанда, Қасым хан 1518 жылы қайтыс болған. Ал Тахир Мұхаммед өзінің «Раузат-ат Тарихирин» атты еңбегінде Қасым ханның өлген уақыты 1523-1524 жылдар деп көрсетеді. Қадырғали Қасымұлы Жалайырдың сөзі бойынша, Қасым хан Сарайшық қаласында қаза болған. Қасым хан өлгеннен кейін, өзара қырқысулардың өрши түсуіне байланысты, Қазақ хандығы біраз әлсіреді, ал моғолдар мен қазақтардың арақатынасы өзгерді. XVI ғасырдың бірінші ширегінде қазақ атын жер жүзіне жеткізген Қасым хан есімі қазақ халқының тарихи санасында мәңгі орын алып, жарты мың жылдан аса сақталып келе жатты. «Қасым ханның қасқа жолы» - осының куәсі. «Қасқа жол» - деп аталатын заң, қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде Қасым хан тұсында жасалған. Оның жасалуына себеп болған жағдайлар мыналар:
1. Қасым ханның билігі тұсында Керей, Жәнібек және Бұрындық хандар кезіндегі қазақ қоғамы анағұрлым жоғары сатыға көтерілді,
2. Қазақ халқының этникалық территориясы толығымен біріктірілді,
3. Хандық билік этникалық территорияға толық тарап, рөлі артты,
4. Қазақ хандығының жаңа қалыптасқан жағдайына бұрынғы әдет-ғұрып заңы сай келмейді.
Міне, осы аталған себептер «Қасқа жолды» дүниеге әкеледі. Бұл заңның жазбаша мәтіні болмаса да қазақ есінде заң атының жарты мың жыл бойы сақталуы «Қасқа жолдың» қазаққа өте қонымды, қоғамдық қатынастарға үйлесімді болғанын көреміз.

Категория: Биографии на казахском языке | Добавил: marinkinrasskaz (07.04.2008) | Автор: Marina
Просмотров: 3634 | Комментарии: 6 | Рейтинг: 3.9/11 |
Всего комментариев: 6
6 федор  
0
?????

5 оля  
0
fdgrjirgjirfkgmrty

4 оля  
0
cdgvewrhte4jtnrtyje5k65

3 оля  
0
kruno
ffffff

2 diana  
0
норм только слишком мало

1 Ilias  
0
Fuck!!!

Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа
Поиск
Друзья сайта
 Создать сайт в системе UcoZ
Создать сайт в системе UcoZ
Googla.ru - поисковый каталог ресурсов
Каталог getrix.ru
Поможем получить кредит
Каталог сайтов - Atlanktis.ru
Образование и обучение;
детские учреждения для всех;
художественная школа для всех.
Информационно развлекательный проект. Статьи, Новости, Кроссворды, Анекдоты, Обои рабочего стола, рейтинг сайтов
Поисковый каталог ресурсов SEO.ORG
Сервис авто регистрации в каталогах, статьи про раскрутку сайтов, web дизайн, flash, photoshop, хостинг, рассылки; форум, баннерная сеть, каталог сайтов, услуги продвижения и рекламы сайтов
Каталог сайтов
Nafigator.Ru - Белый каталог сайтов
Красный каталог деловых интернет-ресурсов RedCat.net.ua.
Удобный поиск и рубрикатор.
Телефоны, почтовые адреса, информация.
Товары и услуги.
Каталог сайтов Всего.RU
Каталог ресурсов Hosa
Каталог сайтов OpenLinks.RU
Чугунные ванны, продажа ванн, установка ванны, ванны чугунные
Женский журнал myJane:
гороскоп бесплатный
диета скачать

Рефераты

Дистанционное образование

Образование за рубежом

//libero.ucoz.ru/

http://www.gorkov.ru/

http://love.mail.ru/

//www.rbc.ru/

http://aboutstudy.ru/

www.vkontakte.ru

www.odnoklassniki.ru

Статистика