Пятница, 29.03.2024, 01:52Приветствую Вас Гость | RSS
Маринкины рассказы.
Меню сайта
Категории каталога
Биографии [61]
Биографии на казахском языке [74]
Знаменитые казахи [174]
Рефераты по биологии [12]
Рефераты по географии [11]
Наш опрос
Как Вам Сайт?
Всего ответов: 10602

Каталог статей


Главная » Статьи » Биографии на казахском языке

Мукан Толебаев

Төлебаев Мұқан (1913-1960)

Атақты композитор, қоғам қайраткері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО-ның халық артисі, қазақ музыкасының классигі, Қазақстан Республикасы гимні авторларының бірі Мұқан Төлебаев 1913 жылы наурыз айының 13-жұлдызында қазіргі Алматы облысының Сарқанд ауданында дүниеге келген. Мұқанның әкесі Төлебай Өскімбаев – әулетімен шаруамен айналысқан. Композитордың шешесі Тәжібала Ақшалова – қиындықтың бәрін көрсе де, кейінірек бақытты өмір кешті. Ол көп балалы отбасында тәрбиеленеді, әкесі Ақшал Тастанбеков халық музыкасының жанашыры еді. Сондықтан болар, Тәжібала, басқа балалардан бөлектеу өсіп, өз ойынан өлең жазып, оған ән шығарумен әуестенген. Міне жас Мұқанның әнге деген құштарлығы, музыкалық қабілеті шеше тәрбиесінен жұғысқан деуге болады. Орта мектеп бітірген соң Алматы педагогикалық училищесінде оқиды. Осы кезде аудандық «Жұмысшы жастар» театрын ұйымдастырады. Алматыда өткен халық өнерпаздарының бүкіл қазақстандық І-слетіне қатысып (1934), әнші ретінде көзге түседі. 1936 жылы Москва консерваториясы жанынан ашылған Қазақ студиясына оқуға түседі. 1942-1944 жылдар Қазақтың халық аспаптар оркестрінің дирижері қызметін атқарады. 1951 жылы Москва консерваториясын композиция класы бойынша бітіріп шығады. 1956-1960 жылдары Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы болған. Мұқан Төлебаев туындатқан опералардың, оркестрлік немесе вокальды-симфониялық шығармалардың, камералық-аспаптық пьесалардың, әндер мен романстардың қай-қайсысы да терең сезімталдығымен, музыкалық тілінің шыншылдығымен, өзіндік қолтаңбасымен дараланып отырады. Оның шығармаларының көркемдік қуаты тегеурінді, парасат-пайымы өрелі, көркемдік-идеялық бағыты айқын, ұлттық-төлтумалық бояуы қанық. Мұқан Төлебаев қысқа ғана ғұмырында жүзден астам музыкалық шығармалар туындатып үлгерген. Бұлардың ішінде опералық, контаталық-ораториялық және ән-романстық шығармалары айрықша ден қойдырады. Әсіресе, «Біржан-Сара» операсы оның композиторлық дарынының шырқау шыңы ғана емес, сонымен бірге қазақтың ХХ-ғасырдағы музыкалық мәдениетінің ең көрнекті табыстарының бірі. «Біржан-Сара» операсы өзінің полифониялық болмысына қарамастан, ұлттық нәрі құнарлы туынды. Нағыз өнердің табиғатына тән төлтумалық «Біржан-Сара» операсының өнбойынан айқын аңғарылып отырады. Мұқан Төлебаев қазақтың кәсіпқой музыкалық мәдениетін қалыптастырып, орнықтырушы хас дарындардың бірі.

Категория: Биографии на казахском языке | Добавил: marinkinrasskaz (07.04.2008) | Автор: Marina
Просмотров: 5242 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 3.7/3 |
Всего комментариев: 2
2 игорь  
0
а где рассказы

1 Гоша  
0
больше информации надо не в обиду

Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа
Поиск
Друзья сайта
 Создать сайт в системе UcoZ
Создать сайт в системе UcoZ
Googla.ru - поисковый каталог ресурсов
Каталог getrix.ru
Поможем получить кредит
Каталог сайтов - Atlanktis.ru
Образование и обучение;
детские учреждения для всех;
художественная школа для всех.
Информационно развлекательный проект. Статьи, Новости, Кроссворды, Анекдоты, Обои рабочего стола, рейтинг сайтов
Поисковый каталог ресурсов SEO.ORG
Сервис авто регистрации в каталогах, статьи про раскрутку сайтов, web дизайн, flash, photoshop, хостинг, рассылки; форум, баннерная сеть, каталог сайтов, услуги продвижения и рекламы сайтов
Каталог сайтов
Nafigator.Ru - Белый каталог сайтов
Красный каталог деловых интернет-ресурсов RedCat.net.ua.
Удобный поиск и рубрикатор.
Телефоны, почтовые адреса, информация.
Товары и услуги.
Каталог сайтов Всего.RU
Каталог ресурсов Hosa
Каталог сайтов OpenLinks.RU
Чугунные ванны, продажа ванн, установка ванны, ванны чугунные
Женский журнал myJane:
гороскоп бесплатный
диета скачать

Рефераты

Дистанционное образование

Образование за рубежом

//libero.ucoz.ru/

http://www.gorkov.ru/

http://love.mail.ru/

//www.rbc.ru/

http://aboutstudy.ru/

www.vkontakte.ru

www.odnoklassniki.ru

Статистика